Атырау, 6 қазан 19:32
 ашықВ Атырау +11
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

72 жастағы ақсақал Рамазан айында 500 шақырым жол жүрді

Сурет
2 050 просмотра

72 жастағы атыраулық ардагер спортшы Бақтығали ОРЫНБАСАРОВ Ораза кезінде таңнан күн батқанға дейін су, тамақ ішпестен велосипедпен 500 шақырым жолды жүріп өтті.  Бұл туралы өзі Дамбыдан редакцияға арнайы велосипедпен келіп баяндап берді.

- Кеше теледидар қарап отырғанымда, астанада Ораза ұстаған жігіттің бір күнде велосипедпен 99 шақырым жол жүргенін насихаттап жатқанын көрдім. Ал мен тек Ораза айында емес, күн сайын кемінде 16-17 шақырым жол жүремін. Бұл жеңіл спорт түрін биыл ораза тұтсам да тоқтатпадым. Бұл маған әдет болып кетті. Жастарға мотивация әрі үлгі болар деп ойлаймын, - дейді Бақтығали аға.

Бақтығали Орынбасаров - қалада өткен бірнеше воломарафондардың тұрақты қатысушысы. Спортқа белсенділігінің арқасында әлі күнге күш-қуаты тасып тұрған ақсақал жақында 73 жасқа толады. 50 жыл бойы Амангелді ауылындағы мектепте дене шынықтыру пәнінен сабақ берген. Қазір зейнеткер болғанымен, мектеп оқушыларын қыс мезгілінде шаңғы тебуге үйретеді.

- Менің таңым жүгіруден басталады. Одан қалса, қыста шаңғымен, жазда велосипедпен жүремін. Былтыр велосипедпен Индерге де барып келдім. Күнделікті белсенді қимылдың нәтижесінде ешқашан ауырған емеспін және сергек жүремін. Үнемі спортпен айналысудың осындай пайдасы бар екенін жастарға үлгі етіп көрсеткім келеді, - дейді қария.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Суреттерді түсірген автор 

3 мамыр 2022, 18:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.