Атырау, 19 мамыр 09:14
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

25-көше тұрғындары: жетім секілдіміз

Сурет Бейнежазба
2 018 просмотра

Биыл Атыраудан жаңадан жол төселетін көшелердің тізімі жарияланғаннан кейін Самал ықшамауданының 25-көше тұрғындары жиналып, көшелерінің тағы бұл тізімге ілінбей қалғанына наразылық білдірді. Ұзындығы бір шақырымдай болатын бұл көшеге 400 метрдей жол төселіп, қалған 600 метр жол жөнделмей қалып қойған.

Жиналғандардың айтуынша, олар мұнда 2018 жылдан бері тұрады. Содан бері жол азабынан қиындық көріп келеді. Қазір бұл көшенің жолсыз бөлігінде 40-тан астам үй бар. 

Бике НЫСАНБЕКОВА:

- 2017 жылы осы жерді алған кезден бастап, бұл жерге ешқандай инфрақұрылым жүргізілген жоқ. Су мен газды, электр бағандары мен сымдарын тұрғындар болып ақша жинап, өз қаржымызға жүргізіп алдық. Енді жолды жөндеуге қаржымыз жетпейді. Инфрақұрылымның барлығы көшеміздің 400 метр жеріне ғана жүргізілген. Ал біз тұрып жатырған бөлікке екі жыл бұрын қала әкімдігі уақытша деп асфальт қалдықтарын төсеп кетті. Оның өзі балшықтың астында қалған. Тұрғындардың сөзінше, бұл үйлерге жаңбыр жауған күндері «жедел жәрдем» көлігінің келуі қиынға соғады.  

- Өткендегі қатты жаңбырда аяғы ауыр көршімізді алып кетуге келген «жедел жәрдем» көлігі батып қалды. Оны көршілер болып итеріп шығардық. Су жиналған кезде жаяу жүру мүмкін емес. Аяғымызға етік киіп, оны тегіс асфальт басталатын жердегі көршінің ауласына тастап кетеміз. Жұмыстан келгенде қайтадан орта жолдан етігімізді киіп келеміз. 21-ғасырда қала орталығындағы жағдай осы! - дейді тұрғындар қынжылыспен.

- №25 көшеге жол төсеу кезінде аталған 600 метр аумақта үйлер болған жоқ. Тұрғын үй секторының пайда болуына байланысты қазір бұл жерге жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр. Мемлекеттік сараптамадан оң қорытынды алынған жағдайда жергілікті бюджеттен қаражат бөлінуіне қарай жұмыстар жүргізіледі, - деді қалалық әкімдіктегілер.

Нұрбейбит НҰҒЫМАНОВ

Суреттер мен бейнежазбаны түсірген автор  

3 мамыр 2022, 15:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.