Атырау, 19 мамыр 09:37
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Әскерде көз жұмған Әлібек Қалбайға ескерткіш орнатылады

1 806 просмотра

Жамбыл облысында әскери борышын өтеп жүріп, көз жұмған маңғыстаулық жас сарбаз Әлібек Қалбайдың құрметіне ескерткіш орнатылмақ. Бұл туралы Қазақстан Қарулы күштері бас штабы басшысының орынбасары, тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің басшысы, генерал-майор Серік Боранбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«Өкінішке қарай, биыл 22 сәуірде Маңғыстау облысында орналасқан әскери госпитальде әскер қатарына шақырылған Әлібек Қалбай қайтыс болды. Болған оқиға жас сарбаздың отбасымен қатар, барша қарулы күш ұжымына ауыр тиді. Оқиғаға қатысты белгілі ақпараттарды ресми түрде бердік. Бүгінде тиісті сараптама алынды, тергеу амалдары жүріп жатыр. Біз ешнәрсені жасырмаймыз. Мерт болған жас әскердің ата-анасы мен туыстары арнайы келіп, әскери бөлімнің қызметімен танысты», - деді Серік Боранбаев Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында. 

Оның айтуынша, қайғылы жайттың мән-жайы тергеу нәтижесінен соң белгілі болады. 

«Қазіргі кезде белгілісі - сапта тұрған сарбаз басы айналып, есінен танып қалған. Ал толығырақ айта алмаймын, сондықтан істің ақырын сабырмен күтейік. Жас сарбаздың отбасына қолдау көрсетіліп жатыр. Атап айтқанда, 500 АЕК көлемінде қаржылай көмек тағайындалды. Сонымен қатар ескерткіш қоюға 80 АЕК көлемінде қаржы қарастырылды. Одан бөлек, жеке құрамның атынан қаржылай және басқалай да қолдау көрсетілді», - дейді ол. 

Еске сала кетейік, Әлібек Қалбай Жамбыл облысындағы Гвардейск әскери қалашығындағы госпитальде мерзімді әскери қызметке шақырылып, сол жерде қайтыс болды. Президент әскерде қаза тапқан Әлібек Қалбайдың отбасына көңіл айтып, істің себебін анықтауды тапсырды.

3 мамыр 2022, 14:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.