Атырау, 25 желтоқсан 03:32
 бұлттыВ Атырау -11
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

Теңгелік жинақ салымдар бойынша максималды мөлшерлемелер артады

1 221 рет қаралды

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры теңгелік депозиттер бойынша 2022 жылдың маусым айына ұсынылатын ең жоғары сыйақы мөлшерлемелерін бекітті, Zakon.kz.

12 және 24 айға арналған жинақ депозиттер бойынша максималды мөлшерлемелер депозит нарығының осы сегментінде орташа өлшемді нарықтық мөлшерлемелердің өсуіне байланысты сәйкесінше 0,1 пайыздық тармаққа және 0,2 пайыздық тармаққа жоғарылады.

Толтырылмайтын депозиттер бойынша 12айға15%, 24 айға 12,4% болды.

3 және 6 айға арналған мерзімсіз, мерзімді және жинақ депозиттер, сондай-ақ 12 және 24 айға арналған мерзімді депозиттер бойынша максималды мөлшерлемелер өзгеріссіз қалды және мамыр айындағы деңгейде сақталды.

3 мамыр 2022, 09:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.