Украинадағы соғыс туралы ақпараттар Азаттық радиосы, ҚазАқпарат, Қамшы басылымдарынан алынды.
- БҰҰ мен Қызыл Крест "Мариупольдегі болат зауытынан азаматтардың эвакуацияны қадағалаймыз" деп үміттенеді. Бұған дейін ол жерден 100-ден астам адам құтқарылған. Бұл туралы BBC хабарлады.
- Зауыттың украин қорғаушылары "Ресей әскерлері нысанды атқылау үшін ұшақтар, танктер және әскери кеме зымырандарын пайдаланып жатыр" дейді.
- Украина президенті Владимир Зеленский Ресей сыртқы істер министрін "еврей халқын айыптады" деп сынады.
- Зеленский дүйсенбі күні Одессада ресейлік әскерилердің зымырандық соққысы кезінде 14 жасар жасөспірім қаза тапқанын айтты.
- Ресейдің энергия көздеріне тәуелділіктен қаншалықты тез арылуға болатыны жөнінде ЕО елдерінің пікірлері екіге жарылды.
- Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон сейсенбі күні парламентіне виртуалды үндеуінде Украинаның Ресей басқыншылығына қарсы жаңа кезеңге өткенін жеткізді. Джонсон мұны Украинаның отан қорғаудағы "ең керемет сағаттары" деп сипаттайды.
- Ол сондай-ақ Ұлыбританиядан Украинаға тағы да 300 миллион фунт стерлинг көлеміндегі әскери қолдау туралы мәліметтер береді. Әскери қолдауда электронды соғыс техникалары да бар екені айтылды.
Зеленский Украина армиясы Ресей аумағын басып алуға ұмтылмайтынын айтты.
Украина президенті Владимир Зеленский өз елінің қарулы күштері жүргізіп жатқан әскери операциялар Ресей аумағына таралмайтынын мәлімдеді. Ол сейсенбі күні Al Arabiya телеарнасына берген сұхбатында оқиғалардың қалай өрбитіні туралы өз нұсқасын айтты.
«Украина Қарулы күштері Ресей Федерациясының аумағында әскери операциялар жүргізіп жатқан жоқ. Олар өз аумағын қорғау үстінде, Ресей жерін басып алуға ұмтылмайды», - деді Зеленский.
Ал ТАСС ақпарат агенттігі Белгород, Брянск және Курск облыстарының аумағы Украина тарапынан бірнеше рет миномет пен артиллериялық шабуылға ұшырағанын жазды. Ресейдің әуе қорғаныс жүйесі ұшқышсыз басқарылатын бірнеше ұшақты анықтаған.
Украинадағы жағдай Мажарстан мен Қазақстан арасындағы әуе қатынасын қиындатқан
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Ресейге қарсы санкциялар Қазақстан-Мажарстан қарым-қатынасына қалай әсер еткенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Шынымен де Ресейге қарсы санкциялар жаһан экономикасына да, жекелеген елдердің экономикасына да әсер етіп отыр. Соның ішінде Мажарстанмен арадағы сауда-экономикалық қарым-қатынасымызда да белгілі бір қиындықтар сезіп отырмыз. Бәрінен бұрын бұл - транзитке, тауар тасымалына байланысты қиындықтар», - деді Мұхтар Тілеуберді Сыртқы істер министрлігінде өткен брифингіде.
Оның айтуына қарағанда, екі ел арасында әуе қатынасында да кідірістер бар.
«Сондай-ақ, екі елдің астаналарын байланыстырып тұрған Wizz Air әуе компаниясының тікелей рейстері уақытша тоқтатылған еді. Мұның бәрі тікелей Украинадағы жағдайға байланысты. Әріптесімнің Қазақстанға жасап отырған сапарының бір мақсаты - екіжақты әріптестікті әрі қарай дамытудың жаңа жолдарын, жаңа мүмкіндіктерін табу деп ойлаймын», - деді Сыртқы істер министрі. Айта кетейік, Қазақстанның Мажарстанға экспорттайтын өнім құны 15,4 млн долларға жетті.
00:23
УЕФА Ресей құрамасы мен клубтарын 2022-2023 жылдардағы маусымынан шеттетті.
Ресей құрамасы 2022-2023 жылдардағы маусымда Ұлттар Лигасы додасына қатыса алмайды. Құрама өз тобында бірден төртінші орын алып, төменгі санаттағы топқа өтеді. Ресейдің футбол клубтары болса, Чемпиондар лигасы, Еуропа лигасы, Конференция лигасы дейтін жарыстарға қатыстырылмайды. Елдің еурокубоктардағы рейтингі төмендетіледі. Дәл осындай санкция әйелдер, жастар және футзал жарыстарына да қолданылады.
Ресейдің әйелдер құрамасы Еуропа чемпионатына өтіп тұрған. Бірақ енді олардың орнына Ұлыбританияда өтетін додаға Португалия құрамасы қатысады. Ресей құрамасы Әлем чемпионаты іріктеу кезеңінен де қағылды. Олар өз тобында екінші орында келе жатқан.
Сонымен қатар УЕФА атқарушы комитеті Ресей футбол одағының Еуро-2028 және Еуро-2032 жарыстарын өткізуге деген өтінішін қисынсыз деп таныды.
Мұның алдында Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) мен Еуропа футбол ассоциацияларының одағы (УЕФА) Украинаға басып кірген Ресейдің құрама командалары мен клубтарын жарыстардан белгісіз уақытқа шеттеткен. Ал УЕФА Ресейдің "Газпром" компаниясымен әріптестігін үзген.
21:58 2.5.2022
Бүгін де "Азовсталь" зауытының жертөлесінен жүзден астам адам эвакуацияланды. Бұл туралы Мариуполь мэрі Вадим Бойчеко мәлімдеді. Зауытта тығылған бейбіт тұрғындарды эвакуациялау кеше, 1 мамырда басталып, олардың басым бөлігі Запорожье қаласына жіберілген.
21:43 2.5.2022
Украина бас прокуроры Ирина Венедиктов Бучадағы қырғынға күдіктілердің бірінің есімін атады. Ол – Ульянов облысындағы ұлттық гвардия бөлімшесінің командирі Сергей Колоцей.
«Буча прокурорлары мен полицейлері дәл осы адам 18 наурызда Бучаның қарусыз төрт тұрғынын өлтірген. 29 наурызда ол бір тұрғынды қинап, Ресей әскеріне қарсы «шыққанын» күштеп мойындатқан. Украинаны қолдайтын тұрғынды «жертөлеге» апарып, ұрған. Кейін оны құлағының түбінен атып тастаған» дейді Венедиктова.
Өткен аптада Украина бас прокуратурасы Бучадағы қырғынға «қатысы бар» деп ондаған ресейлік әскеридің тізімін жариялаған. Журналистер тізімдегі бірнеше әскеримен тілдескен, олардың біразы 64-мотоатқыштар бригадасында бұрын қызмет еткенін растаған, бірақ қазір әскери қызметте емесін айтқан.
Бұл – ресми органның мәлімдемесі. Азаттық редакциясы ресми өкілдерінің соғысқа қатысты мәліметтерін уақытында тексере алмайтынын ескереміз.
20:58 2.5.2022
Киев облысы полициясы 101 мародерді ұстағанын, тағы 42 адамға Ресейге көмектесті деген күдікке ілінгенін хабарлады. Бұл адамдар қанша күнге қамалғанын полиция айтпады.