Атырау, 19 мамыр 09:44
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

18 жасар қ​азақстандық Нөгербек Қазыбек рапидтен әлем чемпионы атанды​​

1 220 просмотра

Қазақстандық Нөгербек Қазыбек Грекияның Родос аралында өтіп жатқан World Youth Rapid Championships 2022 Open under 18 турнирінде рапидтен әлем чемпионы атанды.

"Жаңа ғана World Youth Rapid Championships 2022 Open under 18 турнирі аясындағы соңғы тур аяқталды, онда біздің шәкіртіміз Нөгербек Қазыбек бірінші орынды жеңіп алып, 18 жасқа дейінгілер арасында рапидтен әлем чемпионы атанды. Қазыбекті құттықтап, алдағы блиц турнирде сәттілік тілейміз", - делінген орталық шахмат клубының жазбасында.

Сондай-ақ клуб чемпионның блиц-турнирге де қатысатынын хабарлады.

14 жасқа дейінгілер арасында тағы бір қазақстандық шахматшы Даниял Сапенов қола жүлдеге ие болды.

Турнир Грекияның Родос аралында 1 және 2 мамырда өтті.

3 мамыр 2022, 09:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.