Атырау, 19 мамыр 11:18
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Жаңа мобильді қосымша қауіпті жүргізушіні тез анықтауға мүмкіндік береді

1 844 просмотра

Атырауда «Қорғау – Қауіпті жүргізуші» мобильді қосымшасы іске қосылды. Жаңа үлгідегі 100 планшет тәртіп сақшыларына табыс етілді.  

Бұл мобильді қосымша тәртіп сақшыларының жол ережесін тиімді бақылап, жол ережесін бұзатын көлік жүргізушілерін жылдам анықтауға мүмкіндік береді. Полиция қызметкерлері планшет арқылы қауіпті жүргізушіні бірден көріп, тіпті жүргізушінің қай жерде екенін анықтай алады.

Атырау облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Берік АМАНГЕЛДІ мәлімдегендей, бүгінде облыстағы жолдарда шамамен 1224 мың автоматты камера орнатылған, олардың 51-і қиылыстарда және 153-і желілік учаскелерде орналасқан. Олардың көмегімен жыл сайын 120 мыңға жуық жол қозғалысы ережелерін бұзу немесе жолдарда анықталған барлық бұзушылықтардың шамамен 50% - ы анықталады. Енді  "Қорғау – Қауіпті жүргізуші" мобильді қосымшасына "Сергек" пен жедел басқару орталығының мәліметтері бірден көрсетілетін болады. Оның ішінде: көлікті жалған нөмірмен басқаратын жүргізушілер; техникалық байқаудан өтпеген немесе сақтандыру полисінсіз көлік жүргізгендер; оларды ұстау қажеттілігі туралы ақпарат түскен жүргізушілер; 10 минут ішінде екі немесе одан да көп жол ережесін бұзғандар туралы мәліметтер бар. Полиция қызметкері “қауіпті жүргізуші” туралы ақпаратты алып, апаттың алдын алу шараларын қабылдайды.

Атырау облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Берік Амангелді:

- Бұл планшеттер  патрульдік полиция қызметкерлерінің қызмет барысында ақпараттарға колжетімділігін арттырады. Көлік жүргізушінің де, полиция қызметкерлерінің де уақытын үнемдеуге септігін тигізеді.  Басты артықшылығы-айыппұл туралы ақпарат дереу ІІМ деректер базасына түседі. Сондай-ақ, бағдарлама бұзудан қорғалған. Планшеттер ұялы байланыс операторларының бірінің арнайы арнасы арқылы мәліметтер базасымен байланыс орнатады. Ал полицейлер бағдарламаға кіріп, хаттаманы жоя алмайды.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

3 мамыр 2022, 11:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.