Атырау, 24 желтоқсан 16:48
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Алмағамбет көлінен 507 келі өлі балық жиналды

2 129 рет қаралды

Бұл туралы брифингте Балық шаруашылығы комитеті төрағасының орынбасары Аян БАХИЯНОВ мәлім етті.

- Судың тез келіп, тез қайтуы салдарынан балық жыңғылдың арасында, қайраңда қалып қойған. «Безымянный» арнасынан 65 келі өлі балық жиналса, «Алмағамбет» көлінен соңғы есеп бойынша 507 келі жиналды. Балықты құтқару жұмыстары жалғасуда. Жайық-Каспий бассейндік инспекциясының 40 қызметкері және Алға ауылының 8 жұмысшысы осы бағытта жұмыс жүргізуде, - деді А.Бахиянов.

Облыстық балық шаруашылығы басқармасының басшысы Артур СӘДІБЕКҰЛЫ өңірде 200-дан астам су айдыны болса, оның 70-ке жуығы қауіпті айдын қатарына жататынын, олардың қатаң бақылауда екенін атап өтті.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

1 мамыр 2022, 05:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.