Атырау, 6 мамыр 11:43
 ашықВ Атырау +20
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Махамбеттіктер Алмағамбет көлінде балықтарды құтқаруда

Сурет
1 967 просмотра

Махамбет ауданына қарасты Алға ауылы маңындағы Алмағамбет көлінде судың көп келуіне байланысты балықты құтқару жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Ұсақ шабақтар арнадан шығып, көлдегі қалың өскен жыңғылдың арасынан шыға алмай қалған. Сонымен бірге, күннің ысуына байланысты көлдегі оттегі азайып, шабақтарға қауіп төнген.

- Жергілікті атқарушы орган өкілдері, ауыл тұрғындары мен еріктілерден құралған топ құтқару жұмыстарын жүргізуде. Сәуірдің 28-інен 29-на қараған түні арнадағы су ағысы қатты болып, шабақтар жыңғылдар арасына жиналып, балықтың өлу фактісі орын алды. Өлген балықтар сүзіліп, санитариялық талапқа сай көміледі. Алмағамбет су айдыны орман алқабына кіреді. Бұл жердегі жыңғылдарды жұлу, жою, қазу жұмыстарын жүргізу үшін арнайы рұқсат алу қажет, - деді Атырау облыстық балық шаруашылығы басқармасының басшысы Артур СӘДІБЕКҰЛЫ. Сонымен қатар, ол балық өлу фактісінің алдын алу үшін облыс әкімдігімен арнайы іс-шара жоспары құрылып, қала, аудан әкімдіктерімен алгоритм бойынша жұмыс жүргізілетінін жеткізді.

Ал Алға ауылының әкімі Расул МУСИН соңғы аптада аталған су айдынында кезекшілікпен жұмыс жүргізіліп жатқанын жеткізді.

- Айдынға су келмес бұрын, ауыл жастары, еріктілер және инспекция қызметкерлерімен бірге көлге тазалау жұмыстарын жүргіздік. Құлаған ағаштар, қатты қалдық пен қоқыстарды тазаладық. Судың мөлшері 24 сәуірден бастап көбейе бастады. Сол кезден бері кезекшілікпен жұмыс жасап, су деңгейін қадағалап, өлу қаупі бар балықтарды тереңге жіберіп отырдық. Алайда, қазір су қатты келгесін, балық жыңғылға тіреліп, өте алмай қалып тұр, - деді Р.Мусин.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

ӨКҚ ұсынған суреттер

29 сәуір 2022, 19:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.