Атырау, 25 желтоқсан 02:07
 бұлттыВ Атырау -11
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

Шымкентте полицияның баспасөз хатшысын өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу дерегі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр

1 973 рет қаралды

Шымкентте полиция департаментінің баспасөз хатшысын өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу дерегі бойынша тергеу жүргізілуде, деп хабарлады ҚазТАГ сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Шымкент қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Шымкент қ. Полиция департаментінің баспасөз хатшысы М.Бекееваны өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу (ҚК 105 б.1б.) дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - делінген хабарда.

Басқа ақпарат ҚПК 201 бабына сәйкес жария етуге жатпайды.

Бұған дейін ҚазТАГ Шымкентте полиция баспасөз хатшысының өз-өзіне қол жұмсауға әрекет етуі салдарынан есінен танып қалғанын хабарлаған еді.

29 сәуір 2022, 18:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.