Атырау, 6 мамыр 03:12
 ашықВ Атырау +16
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

«Сергектің» жұмысы сергек

2 061 просмотра

«Атырау» ҚПБ Жедел басқару орталығының мәліметінше, жыл басынан бері «Сергек» зияткерлік бейнебақылау жүйесінің көмегімен 4300 жол қозғалысы ережесін бұзу фактісі анықталып, 97 қылмыс жедел ашылған.

«Сергек» келесі жол қозғалысы ережесін бұзуды автоматты түрде анықтауға мүмкіндік береді: жылдамдықты арттыру, бағдаршамның қызыл түсіне өту, жол белгілерінің, жол таңбасының талаптарын, көлік құралдарын тоқтату немесе тұраққа қою ережелерін бұзу. Автоматты режимде ереже бұзуды тіркеуден бөлек, «Сергек» камераларынан алынған деректерді оператор үнемі қарап отырып, басқа да ереже бұзушылықты анықтай алады. Мысалы, қауіпсіздік белдігін тақпау немесе көлік жүргізу кезінде телефонмен сөйлесу.

Айта кету керек, өңірде қауіпсіздіктің алдын алу мақсатында «Сергектің» 2748 бейнебақылау камерасы орнатылды. Олардың бір бөлігі білім беру ұйымдарының жанында (ол жерде жылдамдық режимі сағатына 40 шақырымнан аспайды), сондай-ақ «Тоқтауға болмайды» жол белгісінің қасында орнатылған. Осы уақытқа дейін өңірде барлығы 3500-ден астам бейнекамера орнатылды (оның ішінде жекеменшік камералар бар - ірі дүкендер маңында, тұрғын үй кешендерінде және т.б.).

Жыл басынан бастап наурызды қоса алғанда «Сергек» жүйесі 21 578, сәуір айының басынан бері – 6 394 (оның 4 244-і - жылдамдықты асыру бойынша) жол қозғалысы ережесін бұзу дерегін анықтады.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

29 сәуір 2022, 16:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.