Атырау, 6 мамыр 08:49
 ашықВ Атырау +20
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Жаңа үш облыс құрылады: Жарлық жобасы президент қарауына енгізілді

1 583 просмотра

Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарын құру туралы жарлық жобасы президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қарауына енгізілді, деп хабарлайды Sputnik премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап

Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру аясында үкіметтік комиссия құрылып, ауқымды жұмыстар атқарылды. Жарлық жобасын дайындау кезінде аудандық және облыстық мәслихаттар деңгейінде бірқатар жария тыңдау өтті.

Сонымен қатар Республикалық ономастика комиссиясы жаңа облыстардың атауын мақұлдады. Ауылдық елді мекендерде халыққа түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Президент бастамасы жаңадан құрылатын өңірлердің тұрғындары мен қоғам белсенділері, аудандық және облыстық деңгейдегі депутаттар қолдады.

"Қоғамдық пікірлер мен ұсыныстар ескеріле отырып, қайта ұйымдастырылатын және жаңадан құрылатын өңірлердің шекарасы айқындалды. Үкімет қаулысымен президент қарауына тиісті жарлықтың жобасы енгізілді", - делінген хабарламада.

Айта кетері, 16 наурызда президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Ұлытау облысы құрылатынын айтты. Оның орталығы Жезқазған қаласы болады. Ұлытау облысына Жезқазған, Қаражал, Сәтбаев қалаларын, Жаңаарқа және Ұлытау аудандары қосылады.

Сонымен қатар Шығыс Қазақстан облысы құрамынан Абай облысы бөлінеді. Екі облыстың құрамына қандай қала мен аудан кіретінін мына жерден көруге болады.

Ал Алматы облысы екіге бөлінеді: Алматы облысы және Жетісу облысы болады.

Жаңадан құрылатын Жетісу облысының аумағында 352 елді мекені бар 8 аудан және 2 қала кіреді. Алматы облысында 380 елді мекені бар 9 аудан және 1 қала болады.

29 сәуір 2022, 14:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.