Атырау, 25 желтоқсан 02:07
 бұлттыВ Атырау -11
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

Министр оқу жылын аяқтау туралы бұйрыққа қол қойды

1 700 рет қаралды

Қазақстандық мектептер мен колледждердегі оқу жылы әдеттегідей – 2022 жылдың 25 мамырда аяқталады. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов тиісті бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды Sputnik.

26 мамырдан 17 маусымға дейін жазғы мектеп ұйымдастырылады. Ал қорытынды емтихандар алдын ала бекітілген кесте бойынша өтеді.

Демалыс 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жалғасады, деп жазады министр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 29 сәуірде негізгі ҰБТ-ға өтінімдер қабылдау басталды. Ол 2022 жылдың 14 мамырына дейін жалғасады.

29 сәуір 2022, 13:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.