Атырау, 6 мамыр 06:35
 ашықВ Атырау +16
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Көлік салығы: есепшотты бұғаттамауы үшін не істеу керек?

1 269 просмотра

Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері қазақстандықтардың көлік салығынан қарыздары - шоттарды бұғаттаудың және сот орындаушыларға төленетін шығындардың қалай алдын алуға болатынын түсіндірді.

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде банк шоттарын бұғаттаудың және сот орындаушыларға төленетін шығындардың қалай алдын алуға болатыны туралы айтып берді. Сондай-ақ,  қазақстандықтандың көлік құралдарына салынатын салық сомалары бойынша берешек туралы PUSH-хабарламалар банктік қосымшаларға жіберілуде.

2021 жылға жеке тұлғалардың көлік құралдарына салық төлеу мерзімі 2022 жылғы 1 сәуірде аяқталған болатын.

 2022 жылғы 2 сәуірден бастап салық сомасын уақытылы төлемеген тұлғаларға салық берешегі туралы хабарлама жіберілді.

Салық берешегі туралы хабарлама табыс етілген күннен бастап отыз жұмыс күні өткен соң 3 063 теңгеден көп (1 еселенген АЕК) мөлшерде салық берешегі төленбеген жағдайда салық органы салық бұйрығын шығарады.

Салық берешегін өтемеген жеке тұлғаларға берешек сомаларын мәжбүрлеп өндіріп алу туралы тиісті салық бұйрықтары жіберіледі. Салық бұйрығы табыс етілген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде берешек өтелмеген жағдайда, тиісті салық бұйрығы жеке сот орындаушыларына мәжбүрлеп өндіріп алуға жіберіледі.

Сонымен бірге, жеке сот орындаушылары берешек сомасынан басқа қосымша жеке тұлғалардан салық берешегі сомасының 25%-на дейін қызмет көрсету ақысын өндіріп алады, шоттарды бұғаттаудан туындаған қолайсыздықтар туралы айтпағанда.

Осыған байланысты, жеке сот орындаушыларына алымды төлеу және берешекті мәжбүрлеп өндіріп алуға байланысты қолайсыздықтарды төлеу есебінен борыштың ұлғаюын болдырмау үшін азаматтарға қолда бар салық берешегін өтеуді және кейіннен мемлекет алдындағы өздерінің салық міндеттемелерін уақытылы орындауды сұраймыз.

Салықтық берешегінің бар/жоқ екендігі туралы мәліметтерді (AppStore, PlayMarket) e-Salyq Azamat мобильді қосымшасы арқылы тексеруге болады: e-Salyq AzamatЭлектронды сервистерСалық және әлеуметтік төлемдер бойынша берешек туралы қызметіЖСН-ды енгізу.

Бұдан басқа, қазіргі уақытта салық органдарымен көлік құралдарына салынатын салық сомалары бойынша берешек банктердің мобильді қосымшаларын пайдаланушыларға PUSH-хабарлама түрінде жіберіліп жатыр.

29 сәуір 2022, 11:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.