Атырау, 24 желтоқсан 09:09
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Тоқаев​ ​ата заңға өзгеріс енгізу жөнінде республикалық референдум өткізуді ұсынды

2 194 рет қаралды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізу жөнінде референдум өткізуді ұсынды. Бұл туралы Президент ҚХА отырысында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Осы реформалар қолға алынған кезде Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобасын Парламент қарайды деп ойлаған едік. Бұл – қолданыстағы заңнамада орныққан рәсімнің бірі. Алайда, алдағы ауқымды әрі маңызды өзгерістер ел болашағына айрықша әсер етеді. Сондықтан, мен Ата заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде республикалық референдум өткізуді ұсынамын", - деді Тоқаев.

Еске салайық, Қазақстанда жалпыхалықтық референдум екі рет өткізілді. Екеуі де 1995 жылы. Сәуірде халық Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттігін ұзартты, ал тамызда жаңа Конституцияны қолдады.

Республикалық референдум – Конституция, конституциялық заңдар, заңдар және мемлекеттiк өмiрдегі өзге де маңызды мәселелерге қатысты шешiм жобалары бойынша жалпыхалықтық дауыс беру.

Референдум бүкіл ел бойынша өтіп жатыр. Референдум нысаны: Конституцияны, конституциялық заңдарды және заңдарды қабылдау, оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу; республиканың мемлекеттік өміріндегі басқа да маңызды мәселелерді шешу.

29 сәуір 2022, 11:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.