Атырау, 6 мамыр 14:25
 ашықВ Атырау +14
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

​Алматы маңындағы Bek Air ұшағының апаты: тергеу нәтижелері жарияланды

1 553 просмотра

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 2019 жылғы 27 желтоқсанда  Алматы қаласы әуе айлағының аумағында Bek Air әуе компаниясының Fokker-100 әуе кемесіне қатысты орын алған авиациялық оқиғаны тексеру жұмыстары аяқталғаны туралы хабарлайды. 

"ҚР әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 2020 жылғы 15 шілдедегі №339-IV Заңға сәйкес ұшақ апатын азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган құрған комиссия тексерді.

Халықаралық заңнамаға және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес комиссия жұмысына Нидерланд Корольдігінің қауіпсіздік жөніндегі бюросының өкілдері (авиациялық оқиғаларды тексеру жөніндегі мемлекеттік орган) және олардың кеңесшілері – нидерландтық Fokker Services B. V. компаниясының мамандары (Fokker үлгісіндегі әуе кемесі сертификатының иесі), сондай-ақ Мемлекетаралық авиация комитетінің тексерушілері қатысты.

Халықаралық азаматтық авиация ұйымы кеңесінің (ICAO) Чикаго конвенциясының 13-қосымшасына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тексеру нәтижелері бойынша қорытынды есеп Нидерланд Корольдігінің қауіпсіздік жөніндегі бюросымен, Мемлекетаралық авиация комитетімен келісілді.

Осылайша, "Бек Эйр" АҚ әуе кемесімен болған авиациялық оқиға ұшақ әуеге көтерілген кезде қанатының күш түсетін қасиеттерінің симметриясын жоғалтуы нәтижесінде орын алғаны анықталды. Соның кесірінен ұшақ ұшу-қону жолағынан көтерілгеннен кейін фюзеляжға құлап, қар басқан топырақтың бетімен оңға қарай ауып кеткен, одан кейін әуежайдың периметр бойынша қоршауын бұзып, аталған қоршаудан 9-10 метр қашықтықта орналасқан екі қабатты жеке меншіктегі құрылыс нысанына соғылған.   

Комиссия қорытындысына сәйкес, ұшақ қанатының күш түсетін қасиеттерін жоғалтуының себебі жер үстіндегі мұзданудың әсері болуы ықтимал" делінген хабарламада.

Еске салайық, қайғылы оқиға 2019 жылдың 27 желтоқсанында орын алды. Bek Air ұшағы әуеге көтерілгеннен кейін Алматыдағы тұрғын үйлердің маңында апатқа ұшырады. Ұшақ Нұр-Сұлтанға бағыт алып, ұшқаннан кейін бірден радардан жоғалып кеткен. Бортта 93 жолаушы мен бес экипаж мүшесі болған, 12 адам қаза тапты.

29 сәуір 2022, 11:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.