Атырау, 24 қараша 17:48
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Украинадағы соғыс: 65-күн

1 654 просмотра

Украинадағы соғыс туралы бүкіл ақпарат Азаттық радиосыtengrinews.kz басылымдарынан алынды.

16:45

Тоқаевтың Мәскеудегі әскери парадқа шақырылмайтыны айтылды.

Ресей президенті Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков бүгінгі брифингінде Кремль 9 мамырда Мәскеуде өтетін парадқа шетелдік лидерлер шақырылмайтынын айтты.

Брифингте РИА Новости агенттігінің журналисінің «Путин бүгін [Қазақстан президенті] Тоқаевпен сөйлескенде оны 9 мамырда Мәскеудегі парадқа шақырды ма?» деп сұрағанда Песков:

«Жеңіс күніне біз шетелдік лидерлерді шақырмаймыз. Бұл – дөңгелек дата емес. Бұл – біздің мереке, бұл – бүкіл Ресей мен ресейліктер үшін қасиетті мереке. Бірақ шетелдік лидерлерді шақырмаймыз. Менің білуімше, Лукашенконы да шақыру жоспарланбаған» деді.

15:57

Украина президенті Владимир Зеленскийдің кеңсесі бүгін «Азовсталь» зауытынан бейбіт тұрғындарды шығару операциясы жоспарланған деп мәлімдеді. Бұл мәлімдемені Reuters агенттігі жариялады.

Мариуполь қаласындағы «Азовсталь» комбинатында «Азов» батальоны мен Украина қарулы күштерінің бір бөлігі жасырынып, Ресей әскеріне қарсылық көрсетіп жатыр. Киев зауытта әскерилермен қоса мыңнан аса бейбіт тұрғын бар деген.

Осы аптада БҰҰ бас хатшысы Антонио Гутерриш Ресей президенті Путинмен және Украина президенті Зеленскиймен зауыттан бейбіт тұрғындарды эвакуациялау бойынша ақылдасқан.

15:44

Киевке шабуылдан Азаттықтың Украин қызметінің журналисі қаза болды.

28 сәуірде Ресейдің Киевке жасаған шабуылынан Азаттық радиосы Украин қызметінің журналисі Вера Гирич қайтыс болды. Оның мәйітін 29 сәуірде қираған үйдің астынан тапқан. Бұл туралы оның әріптесті Александр Демченко хабарлады.

Біраз уақыт бұрын Киев мэрі Виталий Клички «Ресейдің Киевке жасалған ракеталық шабуылынан кемі бір адам қаза болды» деп мәлімдеген еді. Кейін марқұмның журналист Вера Гирич екені анықталды.

Гирич Азаттықтың Киевтегі бюросында 2018 жылдың 1 ақпанынан бері жұмыс істеп келген. Оған дейін ол Украинадағы белгілі телеарналарда жұмыс істеген еді.

Бұл шабуыл БҰҰ бас хатшысы Антонио Гутерриш Киевке сапары кезінде жасалды. Украина президенті Зеленский Ресейдің шабуылын БҰҰ-ны масқаралау деген еді.

Ресей қорғаныс министрлігі Киевке шабуылдың мақсаты "Артем" қорғаныс объектісі болғанын айтады. Бірақ Киев басшылығы ракета тұрғын үйлерге тигенін мәлімдеді.

Украина ұлттық журналистер одағының есебінше, Ресей Украинаға соғыс ашқалы 20 журналист пен БАҚ қызметкері қаза болған.

14:56

Киевке шабуылдан бір адам қаза болғаны хабарланды.

Ресейдің Киевке жасалған ракеталық шабуылынан кемі бір адам қаза болды деп мәлімдеді қала мэрі Виталий Кличко. Оның сөзінше, мәйіт қираған үйдің астынан табылған.

Бұл шабуыл БҰҰ бас хатшысы Антонио Гутерриш Киевке сапары кезінде жасалды. Украина президенті Зеленский Ресейдің шабуылын БҰҰ-ны масқаралау деді. Кремль бұл шабуылға қатысты ешқандай пікір білдірмеді.


09:46

Конгресс Украинаға арналған ленд-лиз бағдарламасы туралы заңның жобасын мақұлдады.

Бейсенбі, 28 сәуір күні АҚШ Конгресінің төменгі палатасы Украинаға арналған ленд-лиз бағдарламасы туралы заңның жобасын мақұлдады. Ленд-лиз АҚШ қару-жарағын Украинаға беру рәсімін жеңілдетуді көздейді.

Өкілдер палатасының 417 мүшесі жобаны қолдады, 10 адам қарсы дауыс берді.

Сенат бұл заң жобасын мақұлдап қойған. Енді оған АҚШ президенті Джо Байден қол қоюы тиіс.

Жоба аясында АҚШ Украина мен Шығыс Еуропа елдеріне 2023 жылға дейін қару-жарақ береді. Бұл қаруды Украина сатып алмайды, жалға алады, сол себепті алдын ала ақы төленбейді.

Осы заң аясында Украина заманауи әскери техника ала алады. Бірақ қару-жарақ тізімі әлі анық емес.

Ленд-лиз бағдарламасы осыған дейін бір-ақ рет – Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде қолданылған. АҚШ Германияға қарсы соғыста одақтастары Ұлыбритания мен СССР-ге әскери көмекті осы бағдарлама арқылы берген.

Сонымен қатар бейсенбі күні Джо Байден Конгрестен Украинаға көмек ретінде 33 миллиард доллар бөлуді сұрады. Ол үшін арнайы заң жобасы мақұлдануы керек.

07:51

БҰҰ Бас хатшысы Киевте жүргенде қалаға шабуыл жасалды.

Киевтің орталығында екі жарылыс болды. Украина билігінің айтуынша, қалаға Ресей зымырандары түскен. Алты адамның зардап шеккені айтылады.

28 сәуір күні Мәскеуден Киевке БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш келген. Сапардағы негізгі мәселе – Украинаның Мариуполь қаласындағы азаматтарды эвакуациялау ісін ұйымдастыру.

Украина президенті офисінің кеңесшісі Михаил Подоляк БҰҰ хатшысы кезінде жасалған шабуыл туралы мынадай пікір білдірді:

"Антониу Гуттериштің ресми сапары кезінде Киевті зымыранмен атқылау. Бір күн бұрын ол Кремльде ұзын үстелдің басында отыр еді, бүгін одан бір шақырым жерде жарылыс болды. Мәскеудің сәлемі ме? Ресей БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіндегі орнын қалай сақтап отырғанын еске салыңыздаршы?"

* * *

АҚШ Конгресі Украинаға ленд-лиз туралы заң жобасын мақұлдады.

АҚШ Конгресінің өкілдер палатасы ленд-лиз бағдарламасы бойынша Украинаға қару-жарақ жеткізу туралы заң жобасын мақұлдады.

Украина мен Шығыс Еуропаның басқа да елдеріне қорғаныс құралдарын беру механизмін жеңілдетуді көздейтін жобаға конгрессмендердің көпшілігі дауыс берген. Сенат құжатты сәуірдің басында мақұлдаған, енді заң жобасы қол қою үшін АҚШ президенті Джо Байденге жіберіледі.

Конгресстің қос палатасы да мақұлдаған ленд-лиз туралы заң Украинаға әскери көмек көрсетуді жеңілдетуге арналған. Ол "қорғаныс техникасын беру бойынша президент өкілетіне қатысты талаптарды уақытша алып тастайды", делінген АҚШ Конгресі сайтындағы құжатта.

Соңғы рет америкалықтар бұл бағдарламаны Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Кеңес әскеріне көмектесу үшін қолданған.

Бұған дейін АҚШ президенті Джо Байден Конгресске Украинаға жаңа көмек ретінде қосымша 33 миллиард доллар бөлу туралы өтініш жолдаған.

29 сәуір 2022, 10:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.