Атырау, 25 желтоқсан 03:31
 бұлттыВ Атырау -11
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

Нұр-Сұлтанда терроризмге қарсы оқу-жаттығулар өтеді

1 257 рет қаралды
Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев

Жаттығу әскери жағдайларға барынша ұқсатылған, әртүрлі күрделі элементтерден тұрады. Ведомство қала тұрғындарын оқу-жаттығуларға түсіністікпен қарап, қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

29 сәуірде сағат 08:00-ден 14:00-ге дейін Нұр-Сұлтанда терроризмге қарсы жоспарлы оқу-жаттығулар өтеді, деп жазды inform.kz.

Оқу-жаттығулар «ҚТЖ» АҚ жолаушылар техникалық паркінің аумағында (Шу көшесінің аяғы, Әл-Фараби даңғылы менҚошқарбаев көшесінің қилысы) өтеді.

- Іс-шараның мақсаты – жедел штабтың күштері мен құралдарының лаңкестік көріністерге жедел тойтасрыс беру бойынша тапсырмаларды орындауға дайындығын тексеру. Жаттығу әскери жағдайларға барынша ұқсатылған, әртүрлі күрделі элементтерден тұрады, - деп мәлімдеді Нұр-Сұлтан қаласы терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штаб.

Штаб хабарлағандай, жолаушылар техникалық паркінің аумағында шектеу шаралары қарастырылған.

Ұйымдастырушылар халықты оқу-жаттығуларға түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға және қатысқан мемлекеттік қызметкерлердің заңды талаптарын сақтауға шақырды.

29 сәуір 2022, 09:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.