Атырау, 6 мамыр 14:36
 ашықВ Атырау +14
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Қарағанды облысында жұмысшыларды негізсіз жұмыстан шығарған

1 036 просмотра

Қарағанды облысында 150 адам өздерінің еш негізсіз жұмыстан шығарылғанын айтып, шағымданды. Оларды Қарқаралы ауданы Теректі елдімекенінде түсті металл өңдейтін «Алтай Полиметалл» компаниясы  себепсіз жұмыстан қуған көрінеді, деп хабарлайды Астана арнасы. 

Жапа шеккендер құзырлы орындардан көмек сұрайды. Наразылық білдіргендер кәсіпорынның жаңа басшылығы түрлі сылтаулармен түртпектеп, тіл тигізіп, бізді қысқартып жіберді дейді.  

Айтуларынша, алдын ала ескерту жасалмаған, тіпті өтемақы да төленбепті. Бұған дейін берілген қызметтік пәтерден  қуып шыққан. Далада қалған жұрт жұмыс орындарына қайта оралып, басшылықпен заңды қарым- қатынас орнатқысы келеді.

Ал Қарқаралы ауданының әкімдігі «Алтай Полиметалл» компаниясының басшылығы олардың көбіне өз еркімен жұмыстан кету туралы арыз жазғызып алғанын айтады. Шағымданушылардың    мәселесін  еңбек инспекторларымен бірлесіп, шешуге тырысып жатқандарын айтады.   

Кәсіпорын қызметкерлері жиналып, жұмыс берушіге өзінің наразылықтарын білдірді. Атап айтқанда ол алдымен өздерінің тұрып жатқан қызметтік үй- жайларына байланысты туындаған мәселе, екінші қауіпсіздік қызметіне деген наразылықтары және кәсіподақ ұйымымен ұжымдық келісімшарттың жасалмай отырғандығына байланысты. Жалпы мәселе біздің тікелей бақылауымызда болатын болады" дейді Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының әкімі Ерлан Құсайын.


29 сәуір 2022, 08:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.