Атырау, 18 мамыр 23:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Жасөспірімдер полицияға хабарласып, ата-аналарына айыппұл арқалатты

1 906 просмотра

25 сәуір күні сағат бір шамасында Жұлдыз ықшамауданының тұрғыны 102 операторына қоңырау шалып, төбелес болып жатқаны туралы хабарлады.

Хабарлама бойынша полицейлер аумақты тексеріп, ешқандай төбелестің жоқтығын біледі. Содан кейін үш жасөспірім бәстесіп, ұтылған баланың полицияға жалған хабар беруі тиіс болғанын анықтады.

Тағы бір заң бұзушылық – үш жасөспірім хабарлама берген уақытта түнгі сағат 11-ден кейін ересектердің еріп жүруінсіз үйден тыс жерде болған. Олар бұрындары да түнде ересектерсіз сыртта жүретін болған.

Қоңырау шалған 15 жастағы жасөспірімнің ата-анасына ҚР ӘҚБтК-нің 438-бабының 3-бөлігі («14-тен 16 жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандардың арнаулы қызметтердi көрiнеу жалған шақыруы») бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Оның ата-анасы ескерту немесе 45 945 теңге мөлшеріне айыппұл жазасын алады.

Бұдан басқа, үшеуіне де ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабының 3-бөлігі («Кәмелетке толмағандардың жыл ішінде заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз қайтадан түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы») бойынша хаттама толтырылды. Ата-анасына 21 441 теңге айыппұл салынады.

Дайындаған Зульфия ИСКАЛИЕВА

29 сәуір 2022, 08:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.