Атырау, 24 сәуір 00:17
 ашықВ Атырау +22
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

​Еуропаның он елі Ресей газын рубльға сатып алатын болды

1 110 просмотра

Бұған дейін Австрия мен Венгрия Ресей отынын сатып алу үшін рубльды қолдануға келіскен еді. Еуропаның он елі ресейлік газды сатып алу үшін рубльды қолданатын болды, деп хабарлайды inbusiness.kz Bloomberg агенттігіне сілтеме жасап. 

Олар төлем жасау үшін Газпромбанкта шот ашқан.  Агенттіктің дерегіне сүйенсек, 21 елдің әзірге 10-ы осындай шешім қабылдаған. Төрт сатып алушы төлем жүргізіп үлгерген. Нақты қай елдердің мұндай қадамға барғаны жарияланбады.  

Бұған дейін Австрия мен Венгрия Ресей отынын сатып алу үшін рубльды қолдануға келіскен еді. 27 сәуірде "Газпром" Польша мен Болгарияға газ жеткізуін тоқтатқанын мәлім етті. Өйткені бұл елдер Ресей президенті Владимир Путин бекіткен жаңа ережелер бойынша төлем жасаудан бас тартқан болатын.

27 сәуір 2022, 17:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.