Атырау, 25 желтоқсан 03:34
 бұлттыВ Атырау -11
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

"Сөздері қорлайтын, объектив емес": Кеосаянның Қазақстанға кіруіне тыйым салынуы мүмкін

1 234 рет қаралды

ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров ведомствоның телеграм каналында ресейлік журналист Тигран Кеосаянның сөздеріне қатысты пікір білдірді.

«Ресейлік журналист Тигран Кеосаянның қорлайтын, объектив емес сөздері назарымызды аударып отыр. Мүмкін, оның мәлімдемесі Ресей қоғамы мен саяси истеблишменттің белгілі бір бөлігінің көзқарасын көрсететін шығар. Бірақ елдеріміз арасындағы ынтымақтастық рухы мен мазмұнына және мемлекет басшылары деңгейіндегі келісімдерге мүлдем сәйкес келмейді. Мұндай сөздер тату көршілік қарым-қатынасымызға селкеу түсіреді және стратегиялық серіктестігімізге қарсыларға қолайлы болмақ. Ол Қазақстанға келуі құпталмайтын адамдардың тізіміне енгізіледі деп ойлаймын», - деді Айбек Смадияров.

27 сәуір 2022, 16:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.