Атырау, 26 сәуір 13:04
 ашықВ Атырау +23
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Әлия Назарбаева Экологиялық ұйымдар қауымдастығы төралқасының басшысы лауазымынан кетті

1 083 просмотра

Әлия Назарбаева Экологиялық ұйымдар қауымдастығы төралқасының басшысы өкілеттігін доғарды. Бұл ақпаратты аталған қауымдастықтың басқарма төрағасы Айгүл Соловьева растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«20 қаңтардан кейін Әлия Нұрсұлтанқызынан төралқа төрағасы өкілеттігін доғарғысы келетіндігі туралы өтініш келіп түсті. Осыдан кейін біз жиналыс, съезд өткізіп, бұл жайында жария еттік. Оған атқарған жұмысы үшін ризашылығымызды білдірдік. Жалпы, ол ешқашан ісімізге араласқан емес, нұсқаулық та берген жоқ. Онымен жұмыс істеу өте қолайлы болды. Біз оның өтінішін қанағаттандырдық және төралқа институтын тарату туралы шешім қабылдадық», - деді қауымдастықтың басқарма төрағасы ҚазАқпарат тілшісіне телефон арқылы берген сұхбатында. 

Сонымен қатар ол қауымдастық жұмысын жалғастыратындығын атап өтті. «Барлық мүшесі орнында. Қызметіміздің негізінде көрсетілген барлық бағыттар бойынша белсенді жұмыс істеп жатырмыз», - деді Айгүл Соловьева.

27 сәуір 2022, 14:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.