Атырау, 27 желтоқсан 02:33
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -4
$ 504.60
€ 594.27
₽ 6.48

Ресейдің Белгород облысында оқ-дәрі қоймасы өртенді

1 347 рет қаралды
Сурет: vesti.ru

Мәскеудің Белгород облысында оқ-дәрі қоймасы өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

«Шамамен 03:35-те мен жарылыс сияқты қатты дыбыстан ояндым. Осы хабарламаны жазып жатқанымда тағы үш жарылыс болды», - деп жазды облыс губернаторы Вячеслав Гладков Telegram арнасында. 

Кейінірек Гладков нақтылағандай, алдын ала мәлімет бойынша, Белгород облысындағы Старая Нелидовка ауылының маңында оқ-дәрі қоймасы өртке оранған. 

«Мен Головинский ауылдық елді мекенінің басшысы Денис Золотухинмен жаңа ғана хабарластым. Алдын ала мәлімет бойынша, Старая Нелидовка ауылының маңында оқ-дәрі қоймасы өртеніп жатыр», - деп жазды Гладков. 

Облыс губернаторының айтуынша, бейбіт тұрғындар арасында зардап шеккендер жоқ. Сондай-ақ, тұрғын үйлер мен үйлердің қирауы тіркелмеген. Осыған дейін Ресейдің Брянск қаласында мұнай базасы өртенгенін жазғанбыз. Сол күні Ресейдің Тверь облысындағы ҒЗИ-дан да өрт шығып, 17 адам қаза тапқаны жазылды.

27 сәуір 2022, 10:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.