Атырау, 25 сәуір 08:34
 ашықВ Атырау +26
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Каспий жағалауында итбалық қырылып жатыр

1 359 просмотра

Каспий теңізінің жағалауында итбалық қырылып жатыр. Су жануарларының жаппай қырылу және қауіп-қатерін анықтау үшін жұмыс тобы құрылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Маңғыстау облысы бойынша экология департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 26 сәуірде теңіз жағалауының әр жерінен 22 өлі итбалық табылды.

"Қаражанбас" кен орнының су бөгеті аймағында итбалықтардың неден жаппай қырылғанын жұмыс тобы анықтайды. Маңғыстау облыстық балық инспекциясы басқармасының қызметкерлері Каспий теңізінің жағалау аймағы мен басқа да учаскелерге бақылау жасап жатыр. Зертханалық зерттеулер жүргізу үшін балық қорғау инспекторлары бірнеше итбалықтан, теңіз суы мен топырақтан сынама алды", - делінген облыстың экология департаменті таратқан ақпаратта.

Сынама Маңғыстау облысы бойынша экология департаменті мен ветеринарлық қызметіне тапсырылады.

Сонымен қатар аталған факті туралы білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетінің "Микробиология және вирусология институты" зертханасының қызметкерлеріне, сондай-ақ "Гидробиология және экология институты" Батыс Қазақстан мекемесінің қызметкерлеріне хабардар етілді.

Жағалауды бақылау жұмыстары жалғасып жатыр.

Айта кетері, бұған дейін Маңғыстау облысы Бейнеу ауданының Сам құмдарынан Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген 5 бас қоқиқаздың өлігі табылды.

Алайда мамандар қырылған қоқиқаздарды сараптамадан өткізе алмады. Себебі олардың ұшасы шіріп кеткен.

Ветеринария саласындағы мамандардың айтуынша, қоқиқаздар ауа райының қолайсыздығынан қырылған.

27 сәуір 2022, 09:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.