Атырау, 6 қазан 21:19
 ашықВ Атырау +11
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Ресейде Қытайға апаратын алғашқы трансшекаралық теміржол көпірі ашылды

1 236 просмотра

Көпірдің ұзындығы 2,2 шақырымнан асады, оның 309 метрі Ресей жағында. Жобаның құны шамамен 10 миллиард рубль болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Еврей автономиялы облысында Ресейдің Амур өзені арқылы Қытайға апаратын бірінші трансшекаралық теміржол көпірі ашылды, деп жазды РИА Новости.

Жаңа көпір Қиыр Шығыста жаңа өндіріс орындары мен логистикалық хабтарды құруға ынталандыратын жаңа экспорттық бағыттың негізгі буынына айналады, сонымен қатар Қиыр Шығыстың бірнеше аймағына жол ашады.

Көпірдің ұзындығы 2,2 шақырымнан асады, оның 309 метрі Ресей жағында. Жобаның құны шамамен 10 миллиард рубль.

Бастапқыда көпірді ашу өткен жылдың тамыз айына жоспарланған болатын, бірақ екі стансаның инфрақұрылымы дер кезінде қайта салынбағандықтан, қозғалысты ашу бірнеше рет кейінге шегерілді.

27 сәуір 2022, 09:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.