Атырау, 25 желтоқсан 03:34
 бұлттыВ Атырау -11
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

Маңғыстаулық экологтар қоқиқаздардың өлу себебін атады

1 381 рет қаралды

Өлі табылған қоқиқаздарға сараптама жасау мүмкін болмай отыр. Мұндай шешімге Маңғыстаудың мал дәрігерлері келген. Алайда өлекселерді тексеру кезінде оқ іздері табылмаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Өлі жатқан қоқиқаздардың видеосы әлеуметтік желіде тараған болатын. Зооқорғаушылар бірден 5 қоқиқаздың өлі табылуы кездейсоқ емес деген тұжырым жасаған. 

"Оқиға орнына Бейнеу ауданының полиция қызметкерлері, мал дәрігерлері, Сумы орман және жануарлар дүниесін қорғау мемлекеттік мекемесі қызметкерлері келіп, тексеріс жасады. Құстар шамамен 15-20 күн бұрын өлген, сондықтан оларға сараптама жасау мүмкін болмай отыр", - дейді Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мемлекеттік инспекторы Талғат Аленов.    

Мал дәрігерлерді болжамы бойынша, құстардың өлуіне ауа райы себеп болуы мүмкін. 

26 сәуір 2022, 21:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.