Қаруланған ер адам балабақшаға келіп, сол жерде оқ жаудырған. Құрбан болғандардың арасында балалар да бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
«Ер адам балабақшаға кіріп, бала күтуші мен екі бүлдіршінді атып өлтірді», - деді агенттікке сұхбат беруші. Содан кейін ол өзіне қол жұмсаған. Дереккөздің хабарлауынша, атыс себебі тұрмыстық жанжал болуы мүмкін. Атыс балалар демалып жатқан кезде болған. «Ер адам балалар ұйықтап жатқан бөлмеде оқ жаудырған», - делінген дереккөзде.
Онда көрсетілгендей, оқ атушының жеке басын анықтау әзірге қиын болып отыр. Балабақшаның тағы бір қызметкері оқ жарақатын алған. Өңірдің денсаулық сақтау министрлігі зардап шеккен адамға медициналық көмек көрсетіліп жатқанын нақтылады. Оқиға туралы ақпаратты аймақ үкіметінің баспасөз қызметі де растады. Ведомство оқ жаудырған адамның өз-өзіне қол жұмсағанын айтты.
«Алдын ала ақпарат бойынша, 2016 және 2017 жылы туған екі бүлдіршін мен бала күтуші қаза тапты», - деп жазды осы өңірден сайланған Мемлекеттік Думаның депутаты Сергей Морозов Telegram каналында.