Атырау, 5 мамыр 01:37
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +12
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Тоқаев Amanat партиясынан шықты

1 001 просмотра

ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Amanat партиясының төрағалығынан бас тарту және билік партиясындағы мүшелігін тоқтату туралы шешім қабылдағанын партияның кезектен тыс XXIII съезінде мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бүгіннен бастап Amanat партиясының төрағасы ретінде өкілеттігімді тоқтатып, партиядан шығу туралы шешім қабылдадым. Бұл қадамның символдық мәні бар. Осы орайда, Президент сайлауында маған сенім артып, қолдағандарыңыз үшін баршаңызға алғысымды айтамын.ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев

Президент партия қатарынан шыққанымен, ұйымның стратегиялық бағдары өзгермейтініне сенім білдіретінін атап өтті. Сондай-ақ ол мемлекет басшысы ешбір партияға басымдық бермегені жөн, яғни саяси тұрғыдан бейтарап болуы қажет екенін айтты.

Amanat еліміздің саяси өмірінде ерекше орны бар ұйым болып қала беретіні анық. Саясаттағы сабақтастық сақталып, партия ел игілігі үшін жасап жатқан жұмыстарын жалғастыра береді.Қасым-Жомарт Тоқаев
26 сәуір 2022, 15:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.