Атырау, 5 мамыр 07:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +12
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Алматылық атқыш Игорь Дужнов өмір бойына бас бостандығынан айырылды

983 просмотра

Алматыдағы Ақбұлақ ықшам ауданында бес адамды атып өлтірген Игорь Дужновқа қатысты сот үкім шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Сот 54 жастағы Дужновты екі полицей мен сот орындаушысы, үйдің жаңа иесі мен куәгердің өліміне кінәлі деп тауып, өмір бойына бас бостандығынан айырды. 

"Дужновқа қауіпсіз мекемеде өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын", – деп судья Еркин Майшинов үкім шығарды.

Айта кетейік, 2021 жылдың 20 қыркүйегінде Игорь Дужнов Ақбұлақ ықшам ауданындағы үйінің ауласында бес адамды атып өлтірген еді. Қаза тапқандар арасында екі полицей, сот орындаушысы, үйдің жаңа иесі мен куәгер болған.

26 сәуір 2022, 15:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.