Атырау, 2 мамыр 07:06
 ашықВ Атырау +20
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Мектеп оқушыларына жол жүру тегін

1 736 просмотра

Атырау прокуратурасы балалардың қоғамдық көлікте тегін жүру құқығын қалпына келтірді.

Қоғамдық көлікте карта жүйесі енгізілгеннен бастап оқушылар арнайы жол жүру карталарын пайдалана бастады. Күніне алғашқы екі сапар үшін (мектепке бару және келу) олардың карталарынан төлем алынбайды, ал одан кейінгі жол жүрісі үшін балаларға ақша төлеуге тура келетін.

Прокуратура мұның Атырау қалалық мәслихатының 2015 жылғы 27 наурыздағы №268 шешіміне қайшы келетінін анықтады. Шешімде мектеп жасындағы балалар кез келген күні және кез келген бағытта тегін жүре алады деп анық жазылған.

– Прокурор актісі бойынша заң талабына сай тегін жүру қамтамасыз етіліп, кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды, – дейді Атырау қаласы прокуратурасының бөлім басшысы Ерлан КӘКИЕВ.

Осылайша, 1-11-сыныптарды қоса алғанда мектеп оқушылары, сондай-ақ интернат оқушылары қоғамдық көлікте тегін жүруге құқылы.

Зульфия ИСКАЛИЕВА 

26 сәуір 2022, 14:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.