Атырау, 2 мамыр 14:49
 ашықВ Атырау +17
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Қазақстан қант өндірісін 7 есеге арттырады

1 006 просмотра

Қазақстан қант өндірісін жеті есеге арттыруды жоспарлап отыр. Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашүкеевтің айтуынша, мұндай қадам импортқа тәуелділікті азайтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қанттың жылдық тұтынуы шамамен – 532 мың тонна. Оның 7%-ы отандық шикізаттан келеді. Мұндай көрсеткішке ұсақ өндіріс, суаратын су тапшылығы, қант қызылшасын өсірудегі қол еңбегі және қант зауыттарының тозуы себеп.Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашүкеев

Министрдің айтуынша, су мәселесін шешу, егіс алқаптарын кеңейту, техникалық жабдықтау, сонымен бірге қант зауытын салу жобаларын іске қосу арқасында жалпы өнім 332 мың тоннадан 1,8 миллион тоннаға дейін өседі деп жоспарланып отыр.

Қант өндірісі 7 есеге – 254 мың тоннаға дейін артады. Сонымен қатар импорт 32%-ға азаяды деп күтіп отырмыз. Бұл ішкі нарықты өзімізде өндірілген қантпен қамтамасыз етуді 7-ден 43%-ға дейін арттырады.Ербол Қарашүкеев

Бұл ретте министр жоғарыда көрсетілген нәтижелерге қол жеткізу үшін мемлекеттік қолдау қажет екенін түсіндірді. Атап айтқанда, бес-алты жылға субсидиялар мен жеңілдетілген несиелер беру көмектеседі.

26 сәуір 2022, 13:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.