Атырау, 2 мамыр 09:59
 ашықВ Атырау +23
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Kcell Solutions ЖШС-ның бұрынғы топ-менеджері сотталды

964 просмотра

Kcell Solutions компаниясының бұрынғы қаржы директоры жалған құжат жасап, қаржы жымқырғаны үшін 7 жылға сотталды, деп хабарлайды Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі.

Аталған азамат жалған қаржылық құжаттар жасап, өз атына заңсыз аванс беру арқылы «Кселл» АҚ қаражатын аса ірі көлемде жымқырды деген күдік келтіріліп отыр.

Тергеу барысында компанияның бұрынғы қаржы директоры 2018 жылдың ақпанынан 2021 жылдың сәуіріне дейінгі аралықта 5 компанияның есепшотына ақша аудару арқылы қаражат ұрлаған, сондай-ақ өзіне жалпы сомасы 467 миллионнан астам теңгені құрайтын аванс бергені анықталды. Осылайша, ол «Кселл» АҚ-на аса ірі көлемде зиян келтіріп, қылмыстық құқық бұзушылық жасаған. 

Жедел-іздестіру шаралары барысында компанияның бұрынғы қаржы директоры ұрланған ақшаны Алматыдағы букмекерлік кеңселерде бәс тігіп, жұмсағаны анықталды. Сот үкімімен азамат М.Шөкей Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189 бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Сондай-ақ, ол 10 жыл мерзімге қаржылық жауапкершілікпен байланысты қызметтерді атқару құқығынан айырылды.

26 сәуір 2022, 11:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.