Атырау, 2 мамыр 17:23
 ашықВ Атырау +17
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Пара алған да, берген де жазаланды

1 817 просмотра

Құрманғазы аудандық соты Құрманғазы ауданы Көптоғай ауылдық округінің әкіміне пара алғаны үшін және оған осы параны берген кәсіпкерге қатысты үкім шығарды.

Сотта әкімнің бір көзден алу тәсілімен келісімшарт жасасу арқылы тендерде артықшылық бергені үшін және тіркеуші органға жалған ақпарат енгізілген ресми құжаттарды ұсынғаны үшін ЖШС директорынан 800 мың теңге көлемінде пара алғаны анықталды.

Екі айыпталушы да өз кінәсін толық мойындады. Сонымен қатар, олардың кінәсі жедел-іздестіру шаралары мен жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижесімен, бейне-фонографиялық сараптама қорытындысымен, мемлекеттік аудитордың қорытындысымен дәлелденді.

Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 366-бабының 2-бөлігі («Айтарлықтай мөлшерде пара алу»), 367-бабының 2-бөлігі («Айтарлықтай мөлшерде пара беру»), 369-бабы («Қызметтік жалғандық жасау») және 385-бабы («Жалған құжаттарды қолдан жасау») бойынша қаралды. Жаза тағайындау кезінде сот бұрынғы әкімнің асырауында мүгедек бала бар екенін, ал кәсіпкердің қарт ата-анасы бар екенін ескерді. Нәтижесінде біріншісіне 32 миллион теңге, екіншісіне 16 миллион теңге айыппұл салынды.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

26 сәуір 2022, 09:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.