Атырау, 25 желтоқсан 03:32
 бұлттыВ Атырау -11
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

Шымкентте жергілікті полиция қызметінің бұрынғы басшысы қамауға алынды

1 264 рет қаралды

Шымкент қаласы Полиция департаментінің жергілікті полиция қызметінің бұрынғы бастығына қатысты соталды тергеу жүріп жатыр, - деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің баспасөз мамандары.

"Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Шымкент қаласы Полиция департаментінің жергілікті полиция қызметінің бұрынғы бастығына қатысты қызмет бабын пайдалана отырып алаяқтық дерегі бойынша (Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігі 2-тармағы бойынша) соталды тергеу жүріп жатыр", - делінген хабарламада.

25 сәуірінде М. Бұхарбаев қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128, 131-баптарының тәртібінде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған болатын. 

Өзге ақпарат қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жария етілмейтіні хабарланды.

26 сәуір 2022, 09:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.