Ұлыбритания Ресейге "Украинаға қарсы қолданылуы мүмкін" технология мен тауарларды экспорттауға тыйым салды. Бұл туралы халықаралық сауда департаменті мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА Новости басылымына сілтеме жасап.
Тыйым салынған тауарлар ішінде ұстауға және бақылауға арналған жабдықтар бар. Бірақ нақты қандай құрылғы мен технология туралы айтылып отырғаны белгісіз.
Департамент өкілдері бұл шара Ұлыбританиядан осы тауарлар мен технологияларды сатып алу үшін барлық бос жерді жабуға көмектесетінін атап өтті.