Атырау, 2 мамыр 09:00
 ашықВ Атырау +23
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

​Семей полигонына қатысты қандай әлеуметтік қолдау болады?

1 263 просмотра

Электронды үкімет сайтында бір қазақстандық егер бұрын Семей полигоны аймағында тұрып, кейін басқа аймаққа кеткен болса, қандай әлеуметтік қолдауға сенуге болатынын сұрады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мен Қазақстан Республикасының азаматы ретінде ҚР «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 2-бабына сәйкес қазір Нұр-Сұлтан қаласында тұратын азамат болсам да, осы Заңда көзделген жеңілдіктерге сенім арта аламын ба? Жұмыс берушілер Нұр-Сұлтан қаласы бұл заңның әрекетіне жатпайтынын негізге алып отыр, – деген сауал көтерілді.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен халықты әлеуметтік қолдау шаралары «Семей ядролық сынақтарының салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» ҚР Заңында қарастырылғанын түсіндірді.

Заң ядролық қаруды сынау нәтижесінде радиоактивті заттармен ластанған Семей облысының аудандары мен қалаларында және Павлодар, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарының тиісті аудандарында тұратын азаматтарға қолданылады. Заңның 13-бабында радиациялық қауіпті аумақтарда тұратын халықтың қосымша жалақыға және жыл сайынғы қосымша ақылы еңбек демалысына құқығы бар.

Бұл ретте радиациялық қауiптi аумақтарда тұратын және еңбек қызметiмен тiкелей айналысатын және жеңiлдiктер құқығын растайтын анықтамасы бар қазақстандықтарға қосымша жалақы және жыл сайынғы қосымша ақылы еңбек демалысы түрiндегi әлеуметтiк қолдау құқығы берiледi.

Көрсетілген облыстар мен қалалардан басқа тұрғылықты жеріне кеткен, осы Заңға сәйкес ҚР аумағында тұратын азаматтар осы заңда көзделген жеңілдіктерді пайдаланады.

Осылайша Заңның 12-бабына сәйкес ядролық сынақтар кезінде радиация әсеріне ұшыраған аумақтарда тұрған және тұрып жатқан азаматтарға біржолғы ақшалай өтемақыға кепілдік беріледі. Өтемақы мөлшері аймаққа, тұру мерзіміне және өтемақы берілген күнгі қолданыстағы АЕК мөлшеріне байланысты жеке анықталады.Еңбек министрлігі
25 сәуір 2022, 23:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.