Атырау, 24 желтоқсан 15:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Мектеп оқушыларын автобус жүргізуге құқығы жоқ жүргізушілер тасымалдаған

1 694 рет қаралды

Атырауда мектеп автобустарын «D» санаты жоқ жүргізушілер жүргізген.

Бұл туралы қалалық прокуратура хабарлады. Қадағалау органы балаларды жалпы білім беретін мектепке тасымалдау кезінде олардың өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы заңнаманың сақталуына талдау жүргізді.

- Мектеп автобустарының екі жүргізушісі жұмыстан шеттетілді, осы автобустар тиесілі қала мектептерінің бес лауазымды тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылды, - дейді Атырау қаласының прокуроры Аршат ТАЙТУЛЛИН.

Зульфия ИСКАЛИЕВА 

26 сәуір 2022, 08:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.