Атырау, 2 мамыр 09:12
 ашықВ Атырау +23
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

«Алтын белгіге» үміткер НЗМ-де емтихан тапсырады

1 646 просмотра

Мектеп бітіру аттестатын ресми табыстау салтанаты 16-17 маусымда өтеді. Осы уақытта ҰБТ қатар болады.

Атырау облысында биыл 5800-ге жуық оқушы 11-сыныпты аяқтайды, тағы 15000-ға жуық оқушы 9-сыныпты бітіреді. 27 мамырдан кейін оларда кестеге сәйкес мемлекеттік бітіру емтихандары басталады. Ресми мәлімет бойынша, Атырау облысында «Алтын белгіге» 249, ерекше үлгідегі аттестатқа 200-ге жуық үміткер бар.

– Биыл жаңалық енгізілуде. «Алтын белгіге» үміткерлер НЗМ қабырғасында бір пәннен емтихан тапсырады. Егер талапкер бас тартып, өз мектебінде бүкіл емтиханды тапсырғысы келсе, жақсы нәтиже көрсеткен кезде «Алтын белгі» емес, ерекше үлгідегі аттестат алады. Мемлекеттік емтиханнан кемінде бір «төрт» алған төсбелгіге үміткер кәдімгі үлгідегі аттестат алады, – деді брифингте облыстық білім беру басқармасы басшысының м.а. Айнагүл ДҮЙСЕКЕНОВА.

Түлектер ҰБТ-ны 5 пән бойынша тапсырады, ең жоғарғы балл саны – 140, педагогикалық мамандық бойынша өту балы – 75, медицина мамандығы үшін – 70. Өткен жылдардың тәжірибесі көрсеткендей, медицина мамандықтарына конкурстың өте жоғары екені соншалық, талапкерлер 100-ден жоғары балл жинауы керек.

Білім министрлігінің мемлекеттік білім гранттарынан бөлек, Атырау облысында өте тапшы техникалық, педагогикалық және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша өңірімізге тағы 4 мың грант бөлінеді.

– Бұл гранттарды алған жоғарғы оқу орындары қазіргі уақытта түлектермен кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Студенттерге шәкіртақы беріледі, жол жүру тегін, – деп атап өтті А.Дүйсекенова.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

25 сәуір 2022, 23:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.