Атырау, 24 желтоқсан 15:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

«Еліміздің түкпір-түкпірінен мұғалімдерді тартып жатырмыз»

1 446 рет қаралды

2025 жылға дейін Атырау облысында 48 жаңа мектеп, оның ішінде апатты мектептің орнына 4 мектеп салынады. Бұл туралы облыстық білім беру басқармасы басшысының м.а. Айнагүл ДҮЙСЕКЕНОВА брифингте мәлімдеді.

– Мектептен бөлек бізге педагог жетіспейді. Ауылдық жерде азды-көпті жеткілікті десек, Атырау, Құлсары қалаларында әсіресе, орыс тілінде оқытатын сыныптарда тапшылық байқалады. Қазір облыста 12 мыңға жуық педагог жұмыс істейді. Бізге физика-математика пәнінің 650 мұғалімі, сондай-ақ бастауыш сыныптың оқытушылары қажет. Қазір Білім министрлігімен келісілген бағдарлама бойынша облысқа еліміздің түкпір-түкпірінен мұғалімдерді тартып жатырмыз. Конкурсқа біздің облыстың тұрғындары да – педагогикалық жоғары оқу орнын бітірген, бірақ қазіргі таңда мамандығы бойынша жұмыс істемейтіндер де қатыса алады, – деді А.Дүйсекенова.

Былтыр облыс мектептеріне 178 жас мұғалім жұмысқа орналасты. Облыс әкімінің грантымен бүгінде облысымыздан 400-ге жуық студент басқа қалалардағы педагогикалық жоғары оқу орындарында білім алуда.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

25 сәуір 2022, 22:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.