Атырау, 2 мамыр 09:39
 ашықВ Атырау +23
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Атырауда көпқатарлы 9 үйді күрделі жөндеу жұмыстары басталды

1 734 просмотра

Биыл Атырауда «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 26 көпқабатты үйге терможаңғырту жүргізу жоспарланған. Оның 9-ына жаңғырту жұмыстары сәуір айының ортасында басталды. Тапсырыс беруші - «Қаладағы тұрғын үйлерге коммуналдық қызмет көрсету» ЖШС.

Бұған дейін терможаңғырту жүргізу жоспарланған 26 үйдің тізімін жариялаған едік. Алайда мердігер анықталып, республикалық бюджеттен қаржы бөлінген кезде 17 үйдің тұрғыны толық келіспеген.

«Қаланың тұрғын үйлеріне коммуналдық қызмет көрсету» ЖШС директоры Бауыржан ТОКУМБАЕВ мәлімдегендей, қазір тұрғындар келісімін берген 9 үйге жөндеу басталды. Әр үйдің жағдайына байланысты түрлі жұмыстар жасалады. Шатыр, дәліз, кейбірінде жертөле тазаланып, жылу құбырлары ауысады. Егер үйдің қасбеті панелден болса сырланып, ақталады. Жасалған жұмыстар үшін тұрғындар қаражатты 10 жыл ішінде қайтарады.

 - 9 үйдің жаңғырту жұмыстары 4 айда аяқталады деп жоспарланған. Басқа көпқабатты үйдің тұрғындарынмен жұмыс жалғасуда, - дейді Токумбаев.

Терможаңғырту жұмыстары басталған үйлер:

1. Абай көшесі, 17а үй

2. Досмұхамбетов көшесі, 5үй

3. Махамбет көшесі, 109 үй

4. Сатпаев көшесі, 13 үй

5. Сатпаев көшесі, 32 үй

6. Авангард-4 ш/а, 21 үй

7. Авангард-4 ш/а, 15 үй

8. Владимирский көшесі, 100 үй

9. Лесхоз м/а, 11 үй

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

25 сәуір 2022, 21:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.