Атырау, 24 желтоқсан 15:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Қызылқоғаның екі тұрғыны да Ойылға батып кеткен

1 639 рет қаралды

Қызылқоға ауданының із-түзсіз жоғалған екі тұрғынын іздеу аяқталды: екеуінің де денесі Ойыл өзенінен табылды.

Атырау облысы ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 23 сәуірде Тайсоған ауылының 26 жастағы тұрғынының денесі судан шығарылды. Ол өзенді атымен кесіп өтпек болып, суға кеткен. Ал 25 сәуірде ТЖД қызметкерлері Ойылдан жағаға жақын жерден Тасшағыл ауылының 21 жастағы тұрғынының денесін тапты: ол да өзеннен атпен жүзіп өтпек болғанға ұқсайды, өйткені әуелі судан жануардың өлексесі табылды.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

25 сәуір 2022, 16:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.