Атырау, 29 наурыз 00:02
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

ТШО жаңа мамандық алуға және жұмыс табуға қалай көмектесуде?

Сурет
2 077 просмотра
Оқу орталығының Атыраудағы филиалы

Пандемия кезінде жұмыссыздар қатарын толықтырғандардың бірі-27 жастағы Еркебұлан БЕКБОЛАТ. Иә, ол қысқартудан немесе кәсіпорынның   қаржылық-экономикалық жағдайының қиындығынан жұмыссыз қалған жоқ.  Өзі қатысқан жоба аяқталды да, жаңа жұмыс іздеуіне тура келді. Содан Еркебұлан Атырау қалалық жұмыспен қамту орталығының көмегіне жүгінеді.

Еркебұлан Бекболат

Орталық табалдырығын аттамай тұрып-ақ,ол болашағы зор шешімді көрді: кіре берісте APEC PetroTechnic жоғары колледжінде ТШО-ның кәсіптік-техникалық мамандықтарға оқытатын тегін курстарына қабылдау туралы хабарландыру ілініп тұр... Қабылдау тестін ойдағыдай тапсырған Еркебұлан курсқа қабылданды. Төртайлық оқуды аяқтағаннан кейін түйіндемесін мекемелерге таратып, өз мамандығы бойынша Теңіздегі Үшінші буын зауытының құрылыс алаңына жұмысқа қабылданады.

 –Мамандығым бойынша электрик-техникпін. Атырау политехникалық колледжін бітіргенмін. Бірақ, осы күнге дейінгі жұмыс өтілімнің көп бөлігі қағаз жұмыстарымен байланысты болды. Жабдықтарды қолдануды ұмытып та қалдым. Ал колледж курстарында практикалық жаттығуларға ерекше көңіл бөлінеді. Маған керегі де осы еді. Былайша айтқанда, ақыры мамандығымды «ұстап көріп», сырын түсіне бастадым. Жалпы, көптен бері қолдап жұмыс істегім келіп жүрген.«Іздегенге-сұраған» демекші,  мүмкіндіктен айырылғым келмеді– дейді Еркебұлан.

Оқу бағдарламасы шеңберінде қатысушылар  тұрғын жаймен    қамтылады, және оларға барлық жағдай жасалады. Курстардың ұзақтығы 2 айдан 4 айға дейін, оқыту 11 мамандық бойынша жүргізіледі. Бүгінгі таңда бұл курстардан 1200 адам өтіп, оның 751-і жұмысқа орналасты.

Бағдарламаны «Теңізшевройл» ЖШС 2019 жылдан бастап ККЖ-ҰЕҚБЖ құрылысы аяқталғаннан кейін босатылған қызметкерлерді жұмысқа орналастыруды жеңілдету мақсатында жүзеге асырып келеді.  Бағдарламаға Атырау және Маңғыстау облыстарының жұмыссыз тұрғындары, сондай-ақ нақты білімі жоқ және мамандығын ауыстырғысы келетін немесе жаңа мамандық игергісі келетіндердің барлығы қатыса алады.

Бағдарлама ТШО мен Атырау облысы әкімдігі арасындағы келісім бойынша жүзеге асуда.

Оқыту екі жерде – Нұрсаяшағын ауданындағы «APECPetroTechnic» жоғары колледжінде және Ақтау оқу орталығында (Атырауда, «Промзона» ауданында филиалы бар)жүргізіледі.

...Еркебұланның«Электрик- техник» мамандығын таңдауынакезінде   Теңіздегі екінші буын зауыты алаңында жұмыс істеген, бүгінде зейнеткерлік демалыстағыәкесі ықпал етеді. Еркебұлан қазір отбасының «екінші буыны» үшінші буын зауытында еңбек етуде деп әзілдейді.

Дәнекерлеу цехы

– Еркебұлан, курсты бітірген соңқайтадан басқа мамандық бойыншаоқуға бола ма?

– Иә, сертификат аларда біздің топтағы қатысушылардың бірі осы сұрақты қойды. Жаттықтырушылар бұл мүмкін екендігін, бірақ қайтадан қабылдау тестін тапсыруқажеттігін айтты. Және де бұл босорынның болуына да байланысты, өйткені оқуға ниет білдірушілер саны өте көп.

– Оқу күткендегіңіздей болды ма?

- Тіптен асып түсті. Мұнда бәрі соншалықты тиімді ұйымдастырылады деп ойламаппын. Әрине, теорияға да мән беріледі,әйтсе де, ең бастысы-практика.Бәрін көрсетіп, түсіндіреді, бірақ ең бастысы, өзің таңдаған мамандықтың қыр-сырын өз қолыңмен ұстапұғына бастайсың.Маған ұнағаны да осы!. Не керек, мен үшін үш айлық оқу зая кетпеді,өте жемісті болды. Оның үстіне бұл үш ай Теңіздегі бір жылдық тәжірибемен пара-пардеп айта аламын.

- Тамаша. Сіз енді жұмыссыз қалудан қорықпайтын шығарсыз. Қаласаңыз, басқа мамандықты меңгеріп аласыз...

– Бұл өмірде кез келген жағдайға бейімделе білу керек деп ойлаймын. Қажет болған жағдайда, жаңа дағдыларға үйреніп, басқа жұмысқа орналасуға дайын болу керек. Бірақ әзірше бәрі жақсы. Міне, бүгін 28 күндік вахтадан келдім. 28 күннен кейін – қайтадан Теңіз.Жұмысым өзіме ұнайды

– Орталыққа адамдар негізінен жалақысы жоғары мамандық алу үшін келе ме?

– Иә, осы мақсатпен келетіндер дежетіп артылады. Арасында бір мамандықтан жалығып, жаңа мамандықты меңгергісі келетін,өміріне бір өзгеріс енгізгісі келетіндер де   кездеседі. ,-дейді Еркебұлан.Айтпақшы, осы мақала авторының інісі Теңіз кенішіне жұмысқа дәл осылай орналасты. Бұрын еңбек еткен кәсіпорнында жұмыс көлемі аяқталып, қызметкерлер мерзімсіз демалысқа жіберілді, кейіннен қысқартуға тап болды.  Інiмәлеуметтiк желiлерден қайта даярлау курстарына тiркеу туралы хабарландыруды көріп қалады.Талаптардың бірі-жұмыспен қамту орталығына тіркелуболды. Ол барлық құжаттарды жинап, «APECPetroTechnic» колледжінің курстарына қабылдаусынағынан өтті.  Электрмонтаждаушы мамандығы бойынша оқыды. Курсты аяқтаған соң түйіндемесін мекемелерге таратып, тез арада Теңіз кенішіне жаңа жұмысқа орналасты, бұған өзі де разы.

 … Ал, биылдан бастап ТШО осы курстардың түлектеріне арнап бос орындар жәрмеңкелерін өткізуді жоспарлап отыр. Осылайша, компания мамандық алуға және қайта даярлауға көмектесіп қана қоймай, сонымен қатар курс түлектерінің одан әрі жұмысқа орналасуына ықпал етеді. 

Айнұр САПАРОВА

26 сәуір 2022, 16:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.