Атырау, 2 мамыр 06:03
 ашықВ Атырау +20
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Көпқабатты үйдің ауласында әдепсіздік жасаған

1 358 просмотра

Атырау тұрғыны әлеуметтік желі арқылы полицияға жүгініп, екі бомждың Владимирский көшесіндегі көпқабатты үйдің ауласында жыныстық қатынасқа түсіп жатқаны туралы видеоны жариялады.

Осыған байланысты Атырау қалалық полиция басқармасына Facebook парақшасында мынаны жариялады: «Бұл бейнежазбаны тексеру барысында 1988 жылғы азамат пен 1989 жылғы азаматшаның жеке басы анықталды. 1988 жылғы азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы («Ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу және айналасындағыларға сыйламаушылықты бiлдiретiн, қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер») бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Сот шешімімен оған 8 тәулікке әкімшілік қамауға алу жазасы берілді.

1989 жылғы азаматшаның 2010 жылдан бастап Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығында арнайы есепте тұруына байланысты ол қайтадан осы орталыққа орналастырылды».

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

25 сәуір 2022, 12:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.