Атырау, 3 мамыр 00:55
 ашықВ Атырау +18
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

Православиелік зират коммуналдық меншікке қайтарылады

1 760 просмотра

Пасхадан соң 9-күні православиеліктер «Ата-аналар күнін» (Радоница) атап өтеді. Бұл күні зиратқа барып, о дүниелік болған туыстарын еске алып, зиярат етеді. Биыл Радоница 3 мамырда болады. Ал православие зиратының бүгінде жағдайы мәз емес, аумағын тазартуды қажет етіп тұр.

Әлеуметтік желіде тұрғындардың пікірінше, проблемалар қала әкімдігінің бір кездері зиратты сенімгерлік басқаруға алған «Кульчиев» ЖК-мен келісімшартты бұзу туралы шешім қабылдауына байланысты туындаған.

«2020 жылы аталған нысан «Кулчиев» ЖК-нің сенімгерлік басқаруына берілді. Жасалған келісімшарт негізінде сенімгерлікпен басқарушы атқарылған жұмыс туралы жыл сайын есеп беруі қажет. Бірақ есеп кеш ұсынылды, бұл келісімшарт талабын орындамау болып саналады. Нәтижесінде келісімшартты бұзу туралы тиісті хат жолданды. Қазір келісімшартты бұзу рәсімі жүріп жатыр, бірақ нысан әлі коммуналдық меншікке қайтарылған жоқ. Бүгінде аумақты тазарту және нысанды күтіп ұстау жауапкершілігі сенімді басқарушының мойнында», - деп түсіндірді қала әкімдігі.


Сырым КУЛЧИЕВТІҢ айтуынша, ол келісімшартты бұзу туралы өтінішті өз бастамасымен жасамаған – оған қалалық қаржы бөлімі осылай жасауға ұсыныс берген.

– Наурыз айының басында қатты жел болған кезде зираттың 100 метрдей бетон қоршауы құлап қалды. Оны 3-4 жыл бұрын қалай-солай орнатқан. Сол кезде-ақ бұл қоршаудың ұзаққа бармайтыны белгілі болатын. Қоршау құлаған кезде оны қалпына келтіру керектігін әкімдікке ескерттім. Өйткені ол ТКШ балансында болды. Маған бұған ақша жоқтығын айтып, содан соң сенімгерлік басқарудан бас тарту туралы жазу керек деді. Мен өзім бас тартқым келмеді. Бұл іспен көптен бері айналысып келемін. Біздің ЖК 2015-2020 жылдар аралығында зиратқа күтім жасап келді, содан кейін жаңа келісімшартқа отырдық, енді 10 жылға жасалды, - дейді С.Кульчиев. Оның айтуынша, егер келісімшарт жақын арада бұзылмаса, жеке кәсіпкер зиратты ата-аналар күніне дайындайды.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

25 сәуір 2022, 11:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.