Атырау, 5 желтоқсан 09:14
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Бұзақылар «Жануарлар әлемінде» бағдарламасын түсірді

Бейнежазба
1 893 рет қаралды

Әлеуметтік желіде Атырауда екі жас жігіттің түнде «көңіл көтеріп жүрген» видеосы пайда болды:  Бірі ерсі күлкімен және балағат сөздермен екіншісінің қоқыс жәшігін тепкілеп, әлдебір жаққа алып кетіп бара жатқанын, жол бойында дәрет сындырып бара жатқанын видеоға түсіріп жүр.

Олар бұл ерліктерін интернетке өздері жариялағанға ұқсайды. Полицейлер оларды тез тауып алып, ұстады. 27 және 28 жастағы Атырау тұрғындарына ҚР ӘҚБтК-нің 434 («Ұсақ бұзақылық»), 434-2 («Ортақ пайдаланылатын орындарды ластау») және 615 («Жаяу жүргіншілердің жол жүрісі қағидаларын бұзуы») баптары бойынша хаттама толтырылды. Әкімшілік сот оларға айыппұл салып, 5 тәулікке қамауға алу жазасын тағайындады.

Айнұр САПАРОВА

Әлеуметтік желіден алынған бейнежазба

25 сәуір 2022, 11:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.