Атырау, 3 мамыр 04:06
 ашықВ Атырау +18
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

Ақтаулықтар жағалауда жаңбыр шақыру рәсімін өткізді

Бейнежазба
1 362 просмотра

Ақтауда 15-шағынаудандағы амфитеатр алдындағы алаңға 2000-нан астам адам жиналып, бірге намазды оқыды, - деп хабарлайды Лада

Іс-шараны өткізуге Маңғыстау облысы бойынша Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы, облыстық Бекет-ата мешітінің бас имамы Әнуар Елжанов бастамашы болды.

Әнуар Елжановтың айтуынша, "Тасаттық" рәсімін өткізуді жергілікті фермерлер мен жер иеленушілер сұраған.

"Мұхаммед пайғамбардың кезінде адамдар қаладан шығып, Алладан жаңбыр жіберуді сұрап, дұға еткен", - дейді ол.

Имам Маңғыстауға жер, мал, өсімдіктер үшін дәл қазір жаңбыр қажет екенін айтты.

Маңғыстау облысы бойынша Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына рәсімді өткізуге рұқсатты өңір басшысы берді.


25 сәуір 2022, 10:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.