Атырау, 25 желтоқсан 06:50
 бұлттыВ Атырау -11
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

Қарағанды облысында зейнетақы жымқырды деген күдікпен қарттар үйінің басшысы ұсталды

1 303 рет қаралды

Қарттар үйі тұрғындарының зейнетақы төлемдері мен жәрдемақыларын ұрлау дерегі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әлеуметтік нысанда қамқорлыққа алынған 90 адам бар, оның 30-ы - мүгедек, 60-ы - зейнеткер.

"ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігінің 3-тармағында көзделген осы қылмысты жасады деген күдік бойынша Қарағанды облысындағы қарттар үйінің басшысы және әлеуметтік қызметкер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қарағанды облыстық соты басшыға қатысты екі ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады", - делінген хабарламада.
25 сәуір 2022, 10:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.