Атырау, 6 қазан 23:24
 ашықВ Атырау +20
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Жылқының жолдан өткені жақсылыққа апармайды

1 682 просмотра

Атырауда жыл басынан бері қараусыз жануарлардың қатысуымен 10 жол-көлік оқиғасы орын алған. Мысалы, 5 сәуір күні Hyundai County көлігі темір жол көпірінің жанында жылқыны қағып кеткен.

Жылқы иесіне ӘҚБтК-нің 408-бабының 2-бөлігі («Жеке тұлғалардың мүлкіне залал келтіруге әкеп соққан ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзу») бойынша 30 630 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Атырау облысы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, жыл басынан бері мал жаю ережесін бұзған 50 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Полицейлер қалада және республикалық маңызы бар жолдардың бойында қадағалаусыз мал жаю жол-көлік апатына әкелуі мүмкін екенін ескертеді.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

23 сәуір 2022, 06:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.