Атырау, 6 қазан 23:19
 ашықВ Атырау +20
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Дерек толық емес

967 просмотра

Атырау облысының әкімдігі бекітілген ашық деректердің 67,7%-ын ғана жариялады. Дегенмен жергілікті атқарушы органдар «электрондық үкімет» веб-порталында үкімет бекіткен бүкіл деректің тізімін жариялауға міндетті.

19 сәуірдегі ахуал бойынша жергілікті атқарушы органдардың барлығы дерлік сайтта бекітілген деректердің толық тізімін жариялады, - деп хабарлайды ranking.kz. Тек Түркістан, Атырау және Маңғыстау облыстары бойынша толық емес. Түркістан облысында бекітілген ашық деректердің 88,7 пайызы, Атырауда – 67,7 пайызы, Маңғыстауда – 62,9 пайызы жарияланған. Тиісінше, аталған өңірлердің әкімдігі «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңының 9 және 17-баптарында көзделген өз міндеттерін орындамайды. Бұл ретте талап етілетін ақпаратта ешқандай құпия мәлімет (ТКШ, білім беру, денсаулық сақтау және т.б. деректері) жоқ. Оның үстіне, жұртшылыққа тек ақпараттың қолжетімділігі ғана емес, оның өзектілігі де маңызды екенін ескерген жөн.

Бұл жағдайға Атырау облысы әкімі аппаратының ақпараттық технологиялар мәселелері жөніндегі бас инспекторы Нұрлыбек ДАУЫЛБАЕВ комментарий берді:

– 2021 жылдың қазан айында республикада мемлекеттік органдардың ашық деректерінің бірыңғай тізімі бекітілді. Осыған орай, жауапты басқармалар ашық деректер порталын жаңартып отырады. Бүгінгі таңда деректер 62%-ға жаңартылды. Мамырдың соңына дейін көрсеткіштерді кезең-кезеңімен жүйелі түрде енгізу аяқталады. Бұл жұмыс облыс әкімдігінің тұрақты бақылауына алынды.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

23 сәуір 2022, 06:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.